Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызына алғыс хат жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Продюсердің айтуынша, Президенттің алғыс хаты Республика күніне орай беріліпті.
"Сіз телевизия, кино және музыка салаларында қоғам тарапынан жоғары баға алған ірі жобаларды жүзеге асырып, отандық мәдениет пен өнерді дамытуға елеулі үлес қосып келесіз. Сізді ұлттық мереке - Республика күнімен құттықтай отырып, жемісті еңбегіңіз үшін алғысымды білдіремін. Өзіңізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңызға табыс тілеймін", - делінген Президенттің алғыс хатында.
Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында Президенттен алған алғыс хатының суретін жариялады.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық продюсер, актриса Баян Мақсатқызы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны туған күнімен құттықтағаны туралы жазған едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!