Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания Хашимит Королдігінің Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Содан соң Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз өтетін залға барды. Қазіргі уақытта Мемлекет басшылары келіссөз жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстан-Иордания бизнес форумына қатысады.

Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королін Астана әуежайынан қарсы алған еді. Мәртебелі мейман мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары алып жүрді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!