Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайындағы жәдігерлер 3D форматында көрсетілді. Тарихи мұраны жандандыру үшін, инновациялық құралдар қолданылмақ, - деп хабарлайды Аlmaty.tv
Көненің көзін жаңа нұсқада ұсыну жайлы идеялар бір жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Соңғы 2 айда жұмыс қыза түскен. Ғаламтор қолданушылары жуырда инновациялық жобамен музей сайтына кіру арқылы таныса алады.
«Бұл жобаның басты мақсаты - музейге көрермендердің қызығушылығын арттыру. Мұражайда «Виртуалды 3D галереясын» ашу бұл менің ойымша, өте қызықты жоба. Өйткені қазір ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың заманы. Соған байланысты музей де артта қалып қалмай, сол заманмен бірге аяқ басуда. Ең бастысы сол көрермендерді тарту, ағылып келуіне себепші болу»,- деді Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы ақпараттық технология орталығының инженер-программисті Есжан Шыңғыс.
Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында 24 мыңнан аса құнды жәдігер бар. Көпшілік назарына оның 30 пайызы ғана қойылған. Ал, қалғаны қорда сақтаулы.