Қарағанды қаласы әкімдігі мен Жазушылар одағының Қарағанды облысы филиалының бірлесе ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған "Қасіретті КарЛаг" атты республикалық жыр мүшәйрасы өтеді.
Мүшәйра мақсаты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасында атап өткеніндей, өткенге салауат айтып, тарихтың ақтаңдақтарына бүгінгі көзқараспен әділ бағасын беру, өлең-жыр арқылы тарихымызды насихаттап, қасіретті жылдарға ел назарын аударту. Карлаг - жалғыз қазақтың емес, жарты әлемнің қасіреті.
Мүшәйра шарты
Бірінші шарт: Мүшәйраға 18-40 жас аралығындағы ақындар қатыса алады. Әр қатысушы үш өлең жолдауы тиіс.
1) Саяси қуғын-сүргін құрбандарына, КарЛаг қасіретіне арналған.
2) Алаш Орда қайраткерлері, (Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермек, Ақбайдың Жақыбы т.б) немесе 1932 жылғы ашаршылық тақырыбы.
3) Еркін өлең.
Екінші шарт: қатысушының толық аты-жөні, туған жылы, жұмыс орны мен қызметі, оқу орны мен курсы, тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасының мекенжайы, телефондары (жұмыс, ұялы), өлеңдерінің тақырыбы, қысқаша шығармашылық өмірбаяны, жеке куәлігінің сканерленген көшірмесі жіберілуі тиіс.
Үшінші шарт: байқауға ұсынылатын өлеңдер бүркеншік есіммен салынуы керек.
Төртінші шарт: шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жоларасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) ұсынылуы қажет;
- жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды;
- қабылданған шығармаларға пікір берілмейді;
- қабылданған шығармалар авторға кері қайтарылмайды;
Мүшәйра кезеңдері
1. Іріктеу кезеңінде қазылар алқасы барлық қабылданған шығармаларды саралап, ақтық сынға шығатын үміткерлерді іріктейді.
2. Ақтық кезеңге іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер қатысып, өз шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу арқылы өнерлерін көрсетеді.
Мүшәйраның жүлде қоры
Мүшәйраның жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Жүлде мөлшері:
1 орын (біреу) - 750 000 (жеті жүз елу мың) теңге;
2 орын (біреу) - 500 000 (бес жүз мың) теңге;
3 орын (біреу) - 300 000 (үш жүз мың) теңге;
Арнайы сыйлық (үшеу) - 100 000 (жүз мың) теңгеден,
ынталандыру сыйлықтары (үшеу) - 50 000 (елу мың) теңгеден.
Мүшәйраға атсалысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса, қарсылық болмайды.
Қатысушылар жол шығынын өздері көтереді. Жатын орны мен қонақасына ұйымдастырушы тарап жауапты.
Мүшәйраға қатысу
Мүшәйраға қатысу үшін үміткерлердің тапсырыстары (үлгідегі кестеге сәйкес аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса) және шығармалары 2023 жылдың 25 мамырына дейін jazushy_o_qaragandy@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.
Анықтама телефоны:
87011776601 Жанат Жаңқашұлы
8 (778) 641-97-27 Асхат Қажытай
"Қасіретті КарЛаг" атты республикалық мүшәйрасына
қатысуға өтінім үлгісі
Тегі, аты, әкесінің аты
Туған жылы, айы, күні
Қала, аудан атауы
Жұмыс/оқу орны
Байланыс телефондары
Екінші файлда:
Бүркеншік есімі (лақап аты)
Мүшәйра талабына сай үш тақырыптағы өлең.