- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кәсіпкерлер декларация туралы...
Кәсіпкерлер декларация туралы хабарлама алып жатыр. Декларациялау жайлы не білу керек?
Қазақстандық жеке кәсіпкерлер 250-нысанды декларацияны тапсыру керегі жайлы хабарлама алып жатыр. Бұрын бұл нысанды барлық мемлекеттік қызметкерлер тапсыратын. Ал 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап оны жеке кәсіпкерлер, ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік), АҚ (акционерлік қоғам) және т.б тапсыруға міндетті. Ендеше, декларациялау дегеніміз не және декларация тапсыру жайлы не білу керек?
Салық әкімшілігі қазақстандық жеке кәсіпкерлерге декларацияны тапсыру керегі жайлы хабарлама жіберіп жатырғанын растады.
"Шынымен де мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерге 250-нысанды активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыру керегі жайлы SMS-хабарлама жібере бастады. Бұл жылы осы декларацияны жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың әйелдерінің тапсыру керегін ескере отырып, декларацияны ертерек тапсыруға шақырамыз. Себебі декларацияны тапсыратын уақыт аяқталып қалған кезде сервер жұмысына күш түседі. Сондай-ақ біздің басқа ресурстардан да Push-хабарлама келуі мүмкін. Мысалы, салық төлеушілер кабинеті, мобльді қосымшалар және екінші деңгейлі банктер қосымшаларынан да декларация тапсыру керегі жайлы хабарлама келуі мүмкін", - деп жауап берді Салық әкімшілігі.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларациясы жайлы маңызды сұрақтардың жауабын қарасытырып көрейік.
2024 жылы декларацияны кімдер тапсырады?
- заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайы;
- жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайы (ЖК, ЖШС).
Декларациялау дегеніміз не?
Декларациялау — ол табыс, мүлік және мүлікке байланысты міндеттемелер туралы декларация тапсыру. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл сізде қандай мүлік бар екені және қанша ақша тауып, жинағаныңыз туралы мемлекеттік органдарға ресми хабарлама жіберу. Бұл ақпарат көмегімен салық органдары сіздің табысыңызды бақылайды және салықтардың барлығы төленгенін тексереді.
Декларацияда міндетті түрде нені көрсету керек?
250 нысандағы кіріс декларациясында кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары шет мемлекетте тіркелген барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, сондай-ақ шетел банктеріндегі шоттарын декларациялау керек.
Қазақстанда орналасқан активтер ретінде қолма-қол ақша, үлескерлік қатысу келісімшарты негізінде алынған тұрғын ғимараттағы үлес, бағалы қағаздар, инвестицияланатын алтын, зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері, қарыздар және өз еркіңізбен жазылған басқа да мүлік көрсетіледі.
Яғни, 250 нысандағы кіріс декларациясында мына мәліметтер көрсетілуі тиіс:
- шет мемлекетте тіркелген не тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, көлік құралдары;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша 1000 еселенген АЕК-тен асатын сомадағы ақша;
- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
- бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
- сандық активтер;
- инвестициялық алтын;
- зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
- республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және активтер мен міндеттемелер туралы декларация табыс етілген жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын 10 000 АЕК шегіндегі сомада көрсетілетін қолма қол ақша;
- дебиторлық немесе кредиторлық берешек (ЕДБ алдындағы берешекті қоспағанда) нотариалды куәландырылған шарт немесе міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын өзге де құжат болған кезде;
- Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн болған кезде жеке тұлға қалауы бойынша осы мүліктің бірлігі үшін баға (құн) 1000 АЕК-тен асқан жағдайда өзге мүлікті көрсете алады.
Декларацияны қайда тапсыру керек?
Кірістері мен мүлкі туралы декларация тұрғылықты (болатын) жері бойынша тапсырылады:
- қағаз нұсқада ұсынылған жағдайда – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2024 жылғы 15 шілдеге дейін;
- электрондық түрде ұсынылған жағдайда – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін ұсынады.
Бұл ретте дара кәсіпкерлер декларацияны ЖК орналасқан жері бойынша тапсыруға тиіс.
Кірістер мен мүлік туралы декларацияны "Салық төлеушінің кабинеті" (kgd.gov.kz), "Электрондық үкімет" порталы, eSalyq Аzamat қосымшасы, eGov mobile, Halyk bank, Kaspi bank мобильді қосымшасы, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарына келу арқылы тапсыра алады.
Декларация толтыру кезінде қате кетсе...
Егер декларация тапсыру кезінде қандай да бір мүлікті көрсетуді ұмытып кетсеңіз немесе қате жіберсеңіз, декларацияны тапсыру мерзімі өтпеген болса, оны кейін шақыртып, жаңасын тапсыруға болады. Сондай-ақ қосымша декларация тапсыруға мүмкіндік бар. Келесі үш жыл ішінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Декларацияны тапсырмасаңыз не болады?
Декларацияны ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірінші рет-ескерту, ал екінші рет салық салушылар декларацияны ұсынбағаны үшін 15 АЕК (2024 жылы 55 380 теңге), бұдан басқа, салық салу объектілерін жасыру кезінде төленбеген салықтар сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде және егер мұндай бұзушылық қайталанса, үш жүз пайыз мөлшерінде айыппұл көзделген.
ҚР шегінен тыс жерде меншік құқығында мүліктің болуы туралы ақпаратты жасырған, сондай-ақ ҚР шегінен тыс орналасқан шетелдік банктерде ақшасы бар жеке тұлғалар 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
Қара тізімге енген жеке кәсіпкерлер декларация тапсыруы керек па?
Қара тізім — бұл сенімсіз төлеушілер тізімі, оған 10 АЕК-тен (2024 жылда 36 920 теңге) астам салық берешегі бар төлеушілер, жалған немесе әрекетсіз деп танылған кәсіпорындар және тағы басқалар кіреді.
Қара тізімге енген жеке кісіпкерлер де декларация тапсыруы керек. Декларацияны барлық тіркелген жеке кәсіпкерлер тапсырады, оның ішіне жұмыс жасап жүрген, әрекет етпейтін әлде уақытша тоқтатылған жеке кәсіпкерлік кіреді. Егер жеке кәсіпкерлік тіркеліп тұрса және жабылмаған болса, ол 250 нысанды тапсыруы керек.
Егер жеке кәсіпкерлік 2024 жылы ашылған болса не істейді?
Егер ЖК 2024 жылы ашылған болса, онда ол 250-нысан бойынша декларацияны 2024 жылы емес, 2025 жылы тапсырады.
Сондай-ақ 250-нысан бойынша декларацияны қалай тапсыру керегін мына видео-нұсқаулықтан көре аласыз:
А. ЖапатоваПосмотреть эту публикацию в Instagram