"Кәсіпкердің жүз жылқысы мен әншінің бір жылқысы". Төреғали Елдос Сметовке жылқы атады
Танымал қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке асыл тұқымды жылқы сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ол Олимпиадаға кетерде кездесіп, бата қылып едік. Құдай қабыл еткен ғой. Менің оған қандай қатысым бар. Алтынды алған Елдос, досым, құрдасым. Халықтың алтын ұлы", - деді Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әнші чемпионды дұрыстап құттықтай алмағанын, алайда оны "ел-аға" деп сыйлайтынын да жазған.
"Мен оны Ел-аға деп атаймын. Менің досым, ағам. Менде бұрын үлкен ағалар берген жылқы бар. Жақсы асыл тұқымды. Соны сыйға тартамын", - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық кәсіпкер Елдос Сметовке әрқайсысының құны 1 миллион теңге болатын 100 жылқы сыйлаған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева