Павлодар әкімі орынбасарының ісі сотта қаралады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Істі облыс орталығының №2 соты қарайды.
Қала әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінген еді. Мемлекеттік қызметші оның орнына жолдарды жөндеу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қоюға уәде берген.
Қылмыстық істі судья Әнуарбек Оспанов қарайды.
Еске салайық, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері Арслан Қалияқбаровты 15 маусымда ұстады. Шенеунік Павлодар полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Арслан Қалияқбаров 2023 жылғы қаңтардан бері Павлодар әкімі орынбасарының қызметін атқарды. Бұған дейін ол қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!