Тұрсен Алагөзовтің інісі Асқар 22 мамырда көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл қайғылы жаңалықты Тұрсен Алагөзов пен Баян Мақсатқызы Instagram Stories-терінде жазды.
"Кешір, бауырым, сені аман алып қала алмадым", - деп жазды Тұрсен Алагөзов.
"Қош бол, Асқар, сен нұрлы, мейірімді едің, сағынатын боламын", - деп бөлісті Баян Алагөзова.
Өлімнің себебі айтылмады. Айта кетейік, Асқар Алагөзов мамандығы бойынша скрипкашы болған.
Massaget.kz редакциясы Алагөзовтер отбасына қайғыра көңіл айтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!