Қазақстандық бизнесмен сапалы өнімдерді қолдауға шақырды. Кәсіпкер әлеуметтік желі қолданушыларына "Өзім жауап беремін" (Я отвечаю) атты бағдарлама бастайтынын айтты. Бұл туралы идея авторы Фэйсбуктегі парақшасында былай деп жазды:
"Елімізде отандық өнімдерді қолдау саясаты жүріп жатқаны белгілі. Оның үстіне, ДСҰ-ға кіргеннен кейін елдің экономикалық жағдайы нашарлап жатыр. Осыған байланысты "Өзім жауап беремін" деп аталатын бағдарлама бастаймын. Мұның не үшін керек екенін айтып берейін.
Біріншіден, отандық өндірушілерге қатысты түрлі рейтинг, сыйлықтар бар. Бірақ, өндірушілердің қалай бағаланатынын білмейміз. Жеңімпазды анықтау кезінде қазылар алқасы жеке мүдделеріне сүйенетін де болуы мүмкін.
Екіншіден, халық мұндай рейтингтер мен сыйлықтардың әділдігіне сенбейді. "Халал" брендінің өзі оңды-солды пайдаланылып жүр емес пе? Себебі, ешқандай компания өз абыройын ойламайды. Бұған түрлі себеп бар.
Үшіншіден, Фэйсбукке кіретін адамдардың саны күн санап артып жатыр. Демек, өндірушілер үшін жұрттың пікірі өте маңызды болып келе жатыр. Соны пайдаланып кейбіреулер Фэйсбукте бірдеңелерді жарнамалап, ақша тауып жүр.
Осыған қатысты мен мына нәрселерді ойлап отырмын. Сіздер маған өздеріңе ұнаған тауарды ұсыныңыздар. Ұсынарда тауардың мына талаптарға сай болуы керектігін ұмытпаңыздар:
1. Тауардың сапасы.
2. Тауар сапасының бұзылмайтыны.
3. Өнімді өндіру үшін қолданылатын ингредиенттердің сапасы.
4. Өнімді өндіру процесінің дұрыс жолға қойылғаны.
5. Компанияның қаржылық мүмкіндігі. Егер ол кредит алған болса, өнімнің сапасы кейін бұзылып кетеді.
6. Өндіруішінің сапаны ұстап тұрамын деген уәдесінің болуы.
7. Өнімнің табиғилығы.
Ал, мен:
Бәрін өзім тексеріп шығамын. Өнім жоғарыда айтылған барлық критерийге сай болса, оған "Өзім жауап беремін" деп аталатын белгі қойылады. Мұндай өнімді жүрген жерімде айтып жүремін. Тек тұтынушыларға емес, банктерге, мемлекеттік органдарға да. Мұндай компанияны әрдайым қолдап жүремін. Бұл үшін өзімнің барлық мүмкіндігімді пайдаланамын.
Ойымды қолдауыңызды сұраймын. Ұнаса, лайк басып, бөлісіп отырыңыздар. Лайық деп тапқан кандидаттар болса, ұсыныңыздар.
P.S. Кәсіпорын иелеріне айтарым, қаржылық жағдайыңызға қатысты мәліметтерді жарияламаймын, таратпаймын. Төлей алмайтын кредит алмағаныңызды дәлелдей алсаңыз болды. Маған одан басқа ештеңе керек емес. Беделді, танымал адамдарға айтарым, бәріңіз бұл бағдарламаға араласа аласыздар. Бастысы, ұсынып отырған өнімнің сапасына өзіңіз жауап бере алатын болсаңыз болды.
P.P.S. Өзіме ұнаған кәсіпорындарға, қажет болса, ақшалай көмектесуге дайынмын.
P.P.Post Scriptum. Нарықта ұсақ шеберханалар көп. Бұлардың өнімдерінің сапасы технологиялық процестің дұрыстығына емес, шебердің жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан, сауда айналымы 1 миллион доллардан кем компанияларды қарастырмаймын.
Кандидат болған, бірақ айтылған критерийлерге сай келмей қалған өндірушілер туралы ақпаратты еш жерге жарияламаймын. Бұл құпия болып қалады".
Кәсіпкердің бастамасына сәттілік тілейміз.