- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың...
Кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың қамау мерзімі ұзартылды
Кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың қамау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана соты өкілі кәсіпкерге қатысты қамауға алу мерзімін ұзартқанын мәлімдеді.
"2022 жылдың 8 қыркүйегінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді бастаған болатын. Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова