Каспийдің жағалауында заңсыз берілген жерлер анықталды

Каспийдің жағалауында заңсыз берілген жерлер анықталды

Ақтауда Каспий теңізінің жағалауында туризмді дамытуға арналған жерлер кәсіпкерлерге заңсыз беріліп кеткен. Осындай 21 жер учаскесін мемлекетке кері қайтару туралы сотқа шағым түсірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті теңіз жағалауындағы жерлерге мониторинг жүргізді. Нәтижесінде, Каспий жағасында туризмді дамытуға арналған 21 жер телімі негізсіз берілгені анықталды.


"Ақтау қаласының әкімдігі жағалауда бұған дейін игерілмеген жер теліміне қосымша 4,7 га жерді жалға беріп жіберген. Сондай-ақ, тағы бір қала тұрғынына жағажайда қонақ үй салу үшін, 1,5 гектар, кейін тағы шамамен сонша гектар жер жалға берілген. Бірақ, аталған аумақ игерілместен, басқа адамға сатылып кеткендігі анықталды. Аталған жер учаскелерін мемлекетке кері қайтару жұмыстары басталды", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының м.у.а. Шамурайт Шаменов.


Қазірдің өзінде кәсіпкерге негізсіз берілген 7 гектар жер телімі мемлекеттің меншігіне өтті. Қайтарылған жер учаскелері алдағы уақытта аукцион арқылы сатылатын болады.

Сая Мәжитқызы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы