- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Каспийде үрмелі матраспен...
Каспийде үрмелі матраспен жоғалып, кейін аман қалған қыздар жазалануы мүмкін
Маңғыстау облысында үрмелі матраспен теңізге шығып, кейін жоғалып кеткен үш қыз жалған ақпарат таратқаны үшін жазалануы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
24 шілдеде Маңғыстауда үрлемелі матраста отырған үш қызды теңіз ағызып әкеткен. Кейін аман қалған қыздың бірі құтқарушыларды айыптады.
28 шілдеде Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингте қызметкерлер тағылған айыптарға қатысты жауап берді.
31 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш қазіргі уақытта полиция аман қалған қыздарға қатысты істі қарап жатқанын айтты.
"Полицейлер "Дер кезінде құтқармады" деп және басқа да жалған ақпарат таратқандарға қатысты істі қарап жатыр. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, онда әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан