- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Каспийде жоғалған балықшының...
Каспийде жоғалған балықшының бірі табылмай жатыр
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында сәуір айының басында теңізде жоғалған балықшының бірі әзірге табылмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дінмұхаммед Пірімжан мәлімдеді. Бұған дейін іздеу жұмыстары кезінде бір балықшының мәйіті су астынан табылған болатын.
Төтенше жағдайларды жою басқармасының өкілі іздеу жұмыстары әзірше жалғасып жатқанын хабарлады.
3 сәуірде сағат 07:40 кезінде Форт-Шевченко қаласынан Қызыл Өзен ауылы бағытына қарай Үрдек (Асан) теңіз жағасынан шамамен 25-30 шақырым қашықтыққа бет алған екі адам хабарсыз кеткені туралы құтқару қызметіне хабарланған.
Кейін Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті балықшылардың 1985 және 1982 жылы туған тұрғындары екенін мәлімдеді. Олардың 2 сәуірде кешкі сағат 22:30 шамасында үрлемелі қайықпен балық аулауға кеткеннен кейін оралмағаны белгілі болып отыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан