- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Каспийде итбалықтар тағы...
Каспийде итбалықтар тағы қырылып жатыр
Каспийде тағы да итбалықтар қырылып жатыр. Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында жағалаудан 62 сүтқоректінің өлексесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Жағалауға шығып қалған теңіз жануарының өлекселерін жергілікті тұрғындар серуендеп жүргенде байқап қалып, суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жариялапты. Осыдан кейін облыс балық инспекциясы мамандары мен экологтар оқиға орнына барып, жағалауда барлау жүргізген.
Судан сынама алып сараптамаға жасамақшы. Сүтқоректілердің нақты неден қырылғаны белгісіз. Бірақ итбалықтар теңіздегі қатты дауылдан кейін өлуі мүмкін деген болжам бар.
"Үш күн қатарынан теңіздің батыс және солтүстік-батыс жағалауында қатты жел соқты. Соның салдарынан итбалықтарды жағалауға шығарып тастаған. Бүгін мониторинг кезінде Баутин ауылының аумағында 62 итбалықтың өлексесі табылды. Теңіз жануарларының өлу себебі медициналық сараптама қорытындысынан кейін анықталады. Көбіне итбалықтың күшіктері қырылған", - деді Маңғыстау облысы балық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкий.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан