Каспий түбіне кеме батып кеткені рас па? Құтқарушылар тексерді

Маңғыстау облысының туризм басқармасы мен төтенше жағдайлар департаменті болжалды батқан кеме координаттары бойынша зерттеу жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар Меловой мүйісінен 1,5 шақырым қашықтықтағы теңіз түбін зерттеді.

Жазбада Google Mars спутниктік суреттері ұсынылып, бұл аймаққа кеме батып кеткен болуы мүмкін екені айтылған.

"Құтқарушылар Y-150 тереңдік сканерлі эхолотын қолданып, теңіз түбін зерттеді. Нәтижесінде батқан нысандар анықталмады. Зерттелген аймақтағы тереңдік 9–10 метр болады", - делінген хабарламада.

Осылайша, зерттеу қорытындысы бойынша желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтыны анықталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!