Аяз салдарынан Каспий теңізінің кейбір жерлерін мұз басты. Құтқарушылар тұрғындарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысы ТЖД өкілдерінің айтуынша, адамның қауіпсіз қозғалысы үшін мұздың қалыңдығы кем дегенде 10 сантиметр болуы керек. Қазіргі таңда, теңіз жағалауын 2 саниметрге мұз басқан, бұл адамның салмағын көтере алмайды.
Сол себепті Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды:
Мұздағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау көбінесе қайғылы жағдайларға әкеледі.
Сонымен қатар, су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 412 және 364-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!