- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Каспий теңізінің жағалауында...
Каспий теңізінің жағалауында төрт жерден от шықты
2023 жылғы 31 қаңтарда Атырау аумағында түтіннің иісі шығуына байланысты өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуе барлауын жүргізу үшін ТЖМ авиациясы - МИ-874 тікұшағы жұмылдырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын комиссия мүшелері аэровизуалды тексеру бойынша жұмыс жүргізді.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Каспий теңізінің жағалауында аэровизуалды тексеру кезінде 4 ошақ анықталды: 3 ошақ Жылыой ауданы бағытында 70 шақырым жерде, алдын ала болжам бойынша жалпы ауданы 9 гектар және 1 ошақ Исатай ауданы бағытында 200 гектардан астам жерде болды.
Қазіргі уақытта жергілікті жерде кірме жолдардың болуын барлау жүргізіліп жатыр.
Түнгі уақытқа байланысты өртті сөндіру ертең, яғни 1 ақпанға жоспарланған.
Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан