- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Каспий теңізінің жағалауында...
Каспий теңізінің жағалауында 2 серфер құтқарылды
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Каспий теңізінің жағалауында 2 серфер құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 7 шілде сағат 23:45-те Каспий теңізінің аумағында, Форт-Шевченко қаласының аумағында Маңғыстау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары екі серферді құтқарды.
1992 және 1994 жылы туған ер адамдар ашық теңізге серфинг тақтасымен шыққан, алайда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты серферлер жағадан 800 метрден аса қашықтыққа ығып кеткен.
Одан басқа, серферлер құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілмеген. Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының нәтижесінде серферлер жағаға аман-есен жеткізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек