- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Каспий жағалуындағы кит мүсіні
Каспий теңізінен кашалот табылғаны рас па?
Әлеуметтік желілерде Каспий теңізінің жағалауында, Баку бульварында көк киттің табылғаны туралы ақпарат таралды. Бұл жаңалық жұртшылықтың назарын аударды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
@massaget.kz Каспий теңізінен көк кит табылғаны рас па? Әлеуметтік желілерде Каспий теңізінің жағалауында, Баку бульварында көк киттің табылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жаңалық жұртшылықтың назарын аударды. Автордың айтуынша, киттің мұнда қалай келгені беймәлім. Желі қолданушылары таңданысын білдірді. Десе де, сенбегендердің қарасы басым, ал Massaget тілшісі бұл бейнені зерттеп, көріністің шынайы еместігін анықтады. Әзербайжандық басылымдардың мәліметіне сүйенсек, бұл - әсерлі гиперреалистік инсталляция. Мүсін авторы бельгиялық Captain Boomer арт-тобы. Топ мүшелері мүсін экологиялық мәселелерге назар аудару және табиғи ортаның бұзылуы туралы тұрғындардың хабарын арттыру мақсатында жасағанын мәлімдеді.
♬ original sound - Massaget.kz
Автордың айтуынша, кашалоттың мұнда қалай келгені беймәлім. Желі қолданушылары таңданысын білдірді. Десе де, сенбегендердің қарасы басым.
Massaget.kz тілшісі бұл бейнені зерттеп, көріністегі ақпараттың шынайы емес екенін анықтады.
Әзербайжандық басылымдардың мәліметіне сүйенсек, бұл - әсерлі гиперреалистік инсталляция. Мүсін авторы бельгиялық Captain Boomer арт-тобы. Топ мүшелері мүсін экологиялық мәселелерге назар аудару және табиғи ортаның бұзылуы туралы тұрғындардың хабарын арттыру мақсатында жасаған.
Аталмыш топтың ресми сайтынан бұндай жобаның бірнеше екенін байқауға болады. Олар теңізді қорғау мәселелеріне назар аудару үшін Лондон, Париж және Валенсия сияқты Еуропаның ірі қалаларының жағасында киттердің гиперреалистік мүсіндерін орнатқан екен.
© Сурет: captainboomercollective.org
Бұған дейін Каспий жағалауындағы жыландар ордасы видеоға түсіп қалғаны туралы жазған едік. Кейінірек бұл су жыландарының ордасы екені анықталған.
Н. Ынтымақұлы