Каспий теңізіне жас жігіт батып кетті

Ақтаудың 19 жастағы тұрғыны Каспий теңізінде шомылып жүргенде суға батып кетті. Ақпаратты Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиғаның 3 қыркүйекте сағат 19:40-та Ақтаудағы 7а шағынауданында болғанын хабарлады.

 

"Каспий теңізінің жағалауында (тереңдігі 2 метр, жағадан 100 метр) төтенше жағдайлар департаментінің күштері (тоғыз құтқарушы, екі техника, бір жүзу құрылғысы және бір дрон) Т.-ның мәйітін тауып, судан шығарды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Марқұм 18:55-те шомылуға болмайтын жерде суға түскен кезде суға батып кеткен. Ол 2003 жылы туған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!