Каспий теңізіндегі тосын құбылыс Маңғыстау тұрғындарын алаңдатып қойды

Куәгерлер Маңғыстау облысы Құрық ауылы маңында Каспий теңізіне белгісіз нысан құлағанын айтып жатыр. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода теңізге биіктен жарқыраған екі нысан құлап бара жатқаны көрінеді. Желіде оларға қатысты түрлі болжам айтылып жатыр.

Ақтау гарнизоны видеоға пікір білдіріп, кадр Құрық ауылы маңында түсірілгенін растады.

"21 сәуірде ауылдан оңтүстік бағытта орналасқан теңіз полигоны акваториясында Әскери-теңіз күштерінің кемелері шартты нысаналар бойынша практикалық оқ ату жаттығуларын орындау арқылы жоспарлы тапсырмаларды пысықтады", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, гарнизонның баспасөз қызметі қауіпсіздік талаптарына сәйкес оқу-жаттығу басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін сигнал зымырандары қолданылғанын нақтылады.

"Видеода тіркелген құбылыстар - жоспарлы оқу іс-шараларын өткізуге байланысты әрекет және халыққа ешқандай қауіп төндірмейді", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!