Балық шаруашылығы комитеті Каспий теңізіндегі итбалықтар не себепті қырылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында 62 өлі итбалықтың өлекселерін тапты.
Шұғыл түрде итбалықтар табылған жерге Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, ветеринарлық станция және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен тұратын жұмыс тобы шықты.
"Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті су сынамаларын алды, Ветеринариялық станция қызметкерлері ішкі ағзалардың тіндерін (бауыр, өкпе), ал Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы азу тістерін, тырнақтарын және жүнін тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін алды. Онымен қоса, қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері жедел хабар таратылды. 30 наурызда жергілікті атқарушы орган осыған дейін табылған 40 дана итбалық ұшаларын жинап, жою жұмыстарын жүргізді және 22 дана итбалық сынама алу үшін сақталды", - делінген комитет таратқан ақпаратта.
31 наурызда инспекция қызметкерлері жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, Каспий теңізінің жағалауын мониторингтеу кезінде тағы 16 өлі итбалықтың өлекселерін анықтады. 2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша өлі итбалықтардың жалпы саны 78.
"Итбалықтар табылған жерге 31 наурызда Гидробология және экология институтының (Алматы қаласы) ғалымдары келді, олар бүгінде табылған ұшалардан тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін ішкі ағзалардың тіндерін (бауыр, өкпе), сондай-ақ азу тістерді, тырнақтар мен жүнді ішінара іріктеп алуда. Табылған өлекселерде физикалық зақым анықталған жоқ. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторингін жалғастыруда", - дейді Балық шаруашылығы комитеті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!