- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Каспий теңізінде үрлемелі...
Каспий теңізінде үрлемелі матраспен жоғалып, кейін табылған қыздың бірі құтқарушыларды айыптады
Каспий теңізінде үрлемелі матраспен жоғалып, кейін табылған қыздың бірі құтқарушыларды айыптады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аман қалған қыз өз жазбасында оқиғаның егжей-тегжейін баяндады. Ол өзіне хайп керек емесін, бірақ болған нәрсені адамдар дұрыс түсінсін деген мақсатта жазып отырғанын айтқан.
"Құтқарған адамдармен ешқандай айқай болмады. Құтқарушыларға Алла разы болсын. Олар құтқарушылар емес. Біреудің қиындығының үстінен мазақ қылатын адамдар. Түні бойы бүкіл мекеменің есігін қағып шырылдаған ата-анамызға кешке 8-ден кейін іздемейміз деп кетіп қалған адамдар. Құтқару керек адамдар емес, айдаладағы ақылы жұмыс жасайтын компания құтқарды. Алла ол кісілерге разы болсын. Ал біздің құтқарушылардың халін айтайын ба? Құтқарушылардың қолында дені сау қайықпен бір дана бинокльде жоқ. Ағамыз жүгіріп, бинокльді малшылардан сұраған. Іздеуге шықтық деп кеткен үрмелік қайықтардың бір жағадан шығып, екінші жағаға барып отырғанын көзіміз көрді. Сонда олар тек сағатпен жұмыс жасай ма?"
Жақсы оның бәрін қоя бер, біз құтқарылып аман шыққаннан кейін әлі ата-анамызбен көрісе де алмай жатырмыз, соның арасында бізді түгел инстаграмға салып үлгерген. Енді бір сұрақ қояйыншы, кешке қарай іздемейміз деп есіктерін тарс жауып алған мемекелер мен журналистер таңертең аман-сау табылған кезде ғана өздеріңді қалай сезінесіңдер деп келіп сұхбат алып тұрғанда сендердің ата-аналарың иә рақмет сендерге деп күліп тұратын ба еді?", - деп жазды ол.
Ол сонымен бірге ата-аналарына тіл тигізбеуді өтінді.
"Ешкімді кінәламаймын. Алланың күшімен аман қалдық. Бірақ ата-анамызға артық тіл тигізіп жазбауларыңызды сұраймыз.
Маған хайп керек емес. Бірақ бәрібір осы шудың ортасында жүрміз ғой, адамдар болған дүниені дұрыс түсінсін деген мақсатта жарияладым. Жығылғанға жұдырық болмайықшы", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Каспий теңізіне үрлемелі матраспен шыққан 3 қыз жоғалып кеткен еді. Олар кейін аман-есен табылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан