Каспий теңізінде үрлемелі қайықтағы үш адамды толқын алып кеткен

Маңғыстау облысында құтқарушылар ашық теңізде үш адамды тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өткен түні Каспий теңізінің Түпқараған ауданындағы жағалауында қатты жел салдарынан ішінде үш адамы бар үрлемелі қайық ашық теңізге шығып кеткен.

"Іздеу жұмыстарына ТЖМ күштері дереу аттанды. Құтқарушылар жоғалғандарды тауып, жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

ТЖМ жел күшейген кезде теңізге шығуға болмайтынын еске салды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!