- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Каспий теңізінде судың...
Каспий теңізінде судың деңгейі көтеріліп жатыр - "Қазгидромет"
Қазақстандағы су тасқынына байланысты Каспий теңізінде судың деңгейі көтеріліп жатыр. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Биыл 3 мамырдағы жағдай бойынша Каспий теңізінің деңгейі оның солтүстік-шығыс бөлігінде Пешной теңіз станциясының деректері бойынша Балтық жүйесі 27,87 метр (13 см), шығыс бөлігінде Форт-Шевченко, Ақтау, Құлалы арал деректері бойынша Балтық жүйесі бойынша 29,16 м (-1,16 м) белгісіне жақын.
Пешной теңіз станциясындағы судың көтерілуі Жайық өзеніндегі тасқынмен байланысты. Мұндай жағдай жыл сайын сәуір-мамыр аралығында болады", - деді Алина Ысмағұлова ОКҚ-да өткен брифингте.
Оның айтуынша, Атырау қаласы Жайық өзеніндегі маңында су деңгейі – 471 см, жағдай қырағы бақылауда.
"2024 жылғы 2-7 мамырдағы "Қазгидромет" болжамына сәйкес Солтүстік Каспийде теңіз деңгейінің орташа мәні -27,77 м-ден -29,39 м-ге дейінгі ауытқумен минус 28,50 м белгісіне жақын болады. Орта Каспийде теңіз деңгейі -28,65 м-ден -29,55 м-ге дейінгі ауытқумен орта есеппен минус 29,10 м болады деген болжам бар.Теңіз деңгейінің ауытқуы 15 см-ден аспайды", - деді ресми өкіл.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Есен