2025 жылғы 27 шілде, жексенбіде таңертең Каспий теңізінің Әзербайжан акваториясында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді.
Орталықтың мәліметінше, Каспий теңізіндегі жер сілкінісінің магнитудасы 3,2 болды.
Жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен 05:46-да (Астана уақытымен 07:46-да) тіркелген. Сілкініс 68 шақырым тереңдікте, Гала станциясынан 76 шақырым солтүстік-шығыста болған.
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда, Қазақстан шекарасына жақын маңда да жер сілкінісі тіркелген еді. Ол кезде зілзаланың эпицентрі Қырғызстан аумағында, Жалал-Абад қаласынан 38 шақырым солтүстік-батыста орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,3 болған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!