Каспий жағалауында сапборд тебу барған екі ер адамды ағыс алып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ақтаудың 4А шағынауданы маңында, жағалаудан шамамен 500 метр қашықта көмек сұраған ер адамдарды ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері байқаған. Екеуі де құтқару кеудешесін киген, бұл қайғылы салдардың алдын алуға көмектесті.
"Ер адамдар қайықпен жағаға жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", - деп хабарлады ТЖМ.
Ер адамдарды құтқару сәтінің видеосы тарады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz