Каспий теңізінде SUP-борд тепкен екі ер адамды толқын алып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
SUP-борд тепкен екі ер адам Каспий теңізі жағалауынан 8 шақырым қашыққа алыстап кеткен.
"Маңғыстау облысы тұрғындары қатты желдің салдарынан өз бетінше жағаға шыға алмады. Куәгерлер олардың көмекке мұқтаж екенін көріп, құтқарушыларға жүгінді", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ жедел құтқару жасағының құтқарушылары көмекке асыққан. Олар 1993 және 1994 жылы туған тұрғындарды тауып, жағалауға жеткізді.
Өңір тұрғындарының жағдайы тұрақты. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!