- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Каспий теңізі Аралдың...
Каспий теңізі Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін - экологтар
Экологтар Каспий теңізі Арал теңізінің тағдырын қайталауы мүмкін деп дабыл қағып жатыр. Ресми дерек бойынша, теңіз 2006 жылдан бері таязданып, бүгінгі таңда оның аумағы 22 мың шаршы шақырымға қысқарған, - деп хабарлайды 24.kz.
Ақтау тұрғындарының айтуынша, жағалау сызығы күрт өзгерген. Кей жерлерде теңіз 20 метрге тартылған.
"Теңіз жағасымен жиі серуендейміз. Каспийдің таязданып бара жатқаны көрінеді. Үлкен экологиялық апат бола ма деп қорқамыз", - дейді жергілікті тұрғын.
Каспий теңізінің тайыздануын экологтар Еділ мен Жайықтан келетін судың азаюымен байланыстырады. Бұл өзендер су қоймасы сыйымдылығының 80 пайызын қамтамасыз етеді. Эколог Орынбасар Тоғжанов өзендерді тиімді пайдалану үшін мемлекеттер арасындағы трансшекаралық ынтымақтастық шараларын жасау қажет деп есептейді.
"Қазақстан мен Ресейдің экологтары бірнеше рет осы жағдайды талқылады. Мамандар соңғы 50 жылда Жайық өзенінің маңында тұратын халық саны алты есеге өскенін айтады. Сондықтан Қазақстан да, Ресей де су ресурстарын пайдалануды бірлесіп үнемдеуі керек", - деді Тоғжанов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова