Ресейде Новороссийск қаласының орталығында дрон шабуылы жасалды. Шабуыл салдарынан Каспий құбыр консорциумының (КҚК) кеңсесі орналасқан ғимаратқа зақым келді. Бұл жағдайға Энергетика министрлігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, КҚК жұмысы бұзылмаған және жағдай тұрақты бақылауда.
"Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдау және тиеп-жөнелту жұмыстары штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр", - деді министрлік өкілі.
Еске салайық, 2025 жылы 17 ақпанда Ресей Федерациясындағы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) ең ірі мұнай айдау станциясы саналатын "Кропоткинская" ЖЗҚ шабуылға ұшырады.
24 наурызда шабуыл қайталанды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова