Каспий жағалауындағы қамыс өртінің аумағы 20 гектарға жетті. Өртті сөндіруге Қызылордадан су төгетін құрылғысы бар тікұшақ тартылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, 7 шілдеде сағат 21:00-дегі жағдай бойынша қамыс өсімдіктерінің жану аумағы 20 гектарға жетті.
"Қамыс өртін сөндіру таңертеңгі сағат 9:00-де басталды. Кешке дейін төтенше жағдайлар департаменті мен "Ақжайық" мемлекеттік табиға резерватының 71 қызметкері 15 техника, 2 мотопомпамен шамамен 5 гектар аумақтағы қамыс өртін сөндірді. Қамыс өртін сөндіруге жағалаудың сулы-батпақты болғаны қиындық келтірді. Сол себептен, 8 шілдеде теңіз жағалауындағы өрт ошақтарын сөндіру үшін Қызылорда қаласынан су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағын тарту жоспарланып отыр. Өрт ошағының одан әрі тарауын болдырмау үшін айналасындағы жерді жыртуға соқасы бар К-700 тракторы тартылады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!