- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Каспий жағалауында жүзден...
Каспий жағалауында жүзден аса итбалық өлексесі табылды
Маңғыстау облысындағы Каспий жағалауында өлі итбалықтың тағы бірнеше өлексесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2022 жылғы 7 қарашада Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері және Маңғыстау облысы бойынша балық шаруашылығы қауымдастығы - BD өкілі Каспий теңізінің жағалауындағы рейд іс-шаралар барысында Түпқараған ауданында өлі итбалықтардың ұшасы табылды.
Бұған дейін биыл 8 қарашада Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бастаған комиссия Түпқараған ауданының, Форт-Шевченко қаласының жергілікті атқарушы органдарының, Түпқараған ауданының полиция бөлімінің, Маңғыстау облысының Экология департаментінің, Маңғыстау облысының аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімшелерінің, Түпқараған ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің және каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы өкілдерімен итбалықтардың ұшасы анықталған жерге барды.
Маңғыстау облысының аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімшелері өлген итбалықтардың ішектерінің гистологиялық сынамаларын қауіпті аурулардың (пастереллез, етқоректілердің обасы) қоздырғыштарының болуын анықтау үшін іріктеп алды. Қазір сынамалар зерттеу жүргізу үшін "Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық" ШЖҚ РМК зертханасына жіберілді. Зерттеу нәтижелері 2 аптадан кейін дайын болады.
"2022 жылы 9 қарашада Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Түпқараған ауылдық округі әкімдігінің және Балық шаруашылығы қауымдастығының өкілімен бірге Баутино ауылындағы Каспий теңізінің жағалауында өлген итбалықтардың ұшаларын жинау бойынша жұмыстар жүргізді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, өлген итбалықтардан Қазақстандық қолданбалы экология агенттігінің, микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының және Ресей Ғылым Академиясының Экология және эволюция мәселелері институтының қызметкерлері аурудың вирусологиялық, бактериологиялық шығу тегін аңықтау үшін, сондай-ақ, серология, гормон және токсикология зерттеулері үшін сынама алды.
Каспий итбалығын зерттеу және оңалту қызметкерлерімен жасын аңықтау үшін мұр кесіндісі және организмде ауыр металдарды аңықтау үшін бауыр кесіндісі алынды. Гидробиология және экология институтының өкілдерімен дене өлшемдері, жасын аңықтау үшін тісі мен тырнақтары және структуралық өзгерістерді аңықтау үшін гистология зерттеулеріне сынама алынды. Алдын-ала нәтижелер бір айдан кейін белгілі болады.
Сондай-ақ, Каспий итбалықтарының өлімінің бұл дерегі Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының полиция бөлімінде 2022 жылғы 7 қарашада №2247520300001386 болып тіркелген, оның шеңберінде жануарлардың өлімінің себептері мен басқа да мән-жайлары анықталады.
2022 жылғы 10 қарашада 141 өлі итбалық ұшасы табылды. Қосымша ақпарат түскен жағдайда жаңартылады. Нәтижелер туралы қосымша хабарланатын болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек