Каспий теңізінің жағалауындағы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Түпқараған ауданында 100-ден астам өлі итбалықтарды тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Инспекцияның, жергілікті атқарушы органның, гидробиология және экология институтының, Qazaq balyk республикалық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығының филиалының өкілдері оқиға орнына жедел түрде барды. Итбалықтардың өлімінің себептері тиісті зертханалық зерттеулерден кейін белгілі болады", - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің өкілдері.
Ведомство Каспий теңізінің жағалау аймағына мониторинг жасау жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.
Ал жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаевтың сөзінше, жақында дауыл болып, салдарынан қызық кітапқа енген жүздеген итбалық өліп, жағалауға шығып қалған.
"Қазіргі уақытта ғалымдар өліп қалған 150 итбалықты санап шықты. Қазір осы аймақтағы итбалықтарды зерттеп, жануарлардың өлекселерін тапқан ғалымдардың айтуынша, өлген итбалықтардың кейбірінің денелерінде механикалық зақым бар. Олардың жаппай қырылуына не себеп болғаны әлі белгісіз", - дейді блогер.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз