Атыраулық экологтар Каспий итбалықтарының популяциясын қалай құтқарып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.
Каспий теңізінің түбінен 26,5 тонна балық аулауға арналған торлар алынды. Бұл туралы Атырау Мұнай және газ университетінің 65 жылдығына арналған "Каспий тынысы" халықаралық ғылыми конференциясында белгілі болды.
2014-2023 жылдар аралығында Солтүстік-Шығыс Каспий теңізінің 500 шаршы шақырымнан аса аумағы балық аулау торлары мен басқа да теңіз қоқыстарынан тазартылды.
ТШО-ның аға эколог-маманы Игорь Сангайлоның айтуынша, Каспий теңізінің биоалуантүрлілігін сақтау мақсатында 2014 жылдан бастап су қоймасының түбінен барлығы 900 тор немесе 26,5 тонна теңіз қоқыстары алынды. Сонымен қатар торлардан 58 тірі бекіре және 15 тірі итбалық босатылды.
"Балық аулауға арналған алып торлар – Каспий итбалығы популяциясының азаюына әсер ететін ең күшті теріс факторлардың бірі. Өйткені итбалықтар торларға оралып қалады да, уақыт өте келе бәрібір өледі. Өкінішке қарай, біздің зерттеу нәтижелері бойынша теңіз астында мұндай аулар өте көп, сондықтан біз осы бағытта Маңғыстау облысының бірқатар мемлекеттік органымен ынтымақтастықта жұмыс істеп отырмыз", – деді Игорь Сангайло.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз