Әлеуметтік желілерде Атырау облысы Индер ауданына қарасты 7-ауылдың су басқан аумағында итбалық жүзіп жүр делінгін видео таралып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.
Итбалық Жайық өзенінің жоғарғы ағысына шығып, Индер ауданына жетуі мүмкін бе? Бұл сауалға Алматы Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері Әсел Баймұқанова жауап берді.
"Тарихи деректерге сүйенсек, Каспий итбалығының бұрын Жайық өзенімен 200 шақырымға дейін көтеріле алатыны туралы деректер бар. Сондықтан қазір қатты су тасқыны болып жатқанын ескерсек, бұл мүмкіндікті жоққа шығаруға болмайды. Алайда бұл ақпарат егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді және Каспий итбалығы мемлекет қорғауында екенін ескерсек, жергілікті табиғатты қорғау органдарының өкілдері оқиға орнына барып, деректер дұрыстығын тексеруі қажет. Десе де видеодағы жануардың түрі күмән тудырады, сондықтан уәкілетті органдардың ресми растауын күтіп отырмыз", - деді ғылыми қызметкер.
Еске салайық, бұған дейін Каспий теңізіндегі итбалықтар не себепті қырылып жатқаны айтылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!