- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақша жымқыру туралы
“Каспий“ футбол клубына бөлінген 27 млн теңге қолды болған
"Каспий" футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден аса қаражат жымқырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп, осы деректі тергеді. Тергеу барысында клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды.
"Клубтың қызметкерінен 15 млн теңгені қорқытып алуға әрекеттенген. 3 желтоқсанда футбол клубының экс-басшысын, К. және О-ны қамауға алуға санкция берілді", - деп жазылған хабарламада.
Бас прокуратура басқа мәліметтерді тергеу мүддесі үшін жария етпеді.
Еске салайық, бұған дейін Жезқазғанда мемлекеттік орган қызметкерлері конкурс арқылы ақша жымқырмақ болғаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова