- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Kaspi.kz-те алаяқтықтың жаңа...
Kaspi.kz-те алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғаны рас па?
WhatsApp мессенжерінде бірнеше күннен бері Kaspi.kz мобильді қосымшасында "әлдекімнің қателесіп ақша жібергені" туралы хабарлама келетіні, артынша ақша жоғалып кететіні туралы ақпарат тарап жатыр. Аудиохабарламадағы мәліметке сай, банк қосымшасына алаяқтар мен хакерлер "кіріп кеткен"-міс. Factcheck.kz бұл фейк екенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
WhatsApp-та суретпен қатар аудио тараған.
"Қысқасы, жамағат, мынау ғой, осылай боп келсе, "вернуть деньги" дегенді басып жүрмеңдер. Kaspi-ден келіп жатыр екен. Алаяқтар ғой. Абайлаңдар. 100 мың теңге, 200 мың теңге сұрайды. "Вернуть-ті" басып қойсаң, (ақша - ред.) жоқ боп кетеді. Kaspi банктің өзі түк істей алмайды. Солардың ішіне кіріп кеткен хакерлер, қысқасы, бұлар. Лақтырыңдар осыны (хатты - ред.) жан-жаққа", - дейді аудиодағы ер адам.
Factcheck.kz редакциясы Kaspi.kz мобильді қосымшасының өкіліне хабарласып, банкиң мен "аударманы қайтару" қызметінің жұмысына "алаяқтар мен хакерлердің" қатысы жоқ екенін анықтады. Жақында банк қосымшасында соңғы айдағы кез келген аударымның күшін жоюға өтінім беру қызметі қосылды. Фейк таратушылардың "алаяқтар жасап отыр" деген тұжырымына осы негіз болса керек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина