"Миллион кімге бұйырады?" бағдарламасының жүргізушісі Ескендір Сергебай "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында қазіргі өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жүргізуші әйелімен ажырасқаннан кейін уайымы көбейген.
"Нұрекең досым әзілдеп, казинода "қолың жүрсін" деп қасқырдың жатырын әкеліп берген. Сөйтіп, қасқырдың жатырын арнайы оқыттық. Сондай бар екен өзі. Не деп оқығанын білмеймін. Қалтамда жүрді. Оның иісі бар екен. Бірақ, жарты сағаттан соң лақтырып жібердік. Жақсы ойын үшін, сәттілікке көмектесті деп айта алмаймын. Жанұялық жағдай болмағаннан кейін сонша еңбектің кімі не үшін деп ойланасың. Сосын қалай шашылғаныңды түсінбей қаласың", - деді ол.
Ескендір Сергебай қазіргі таңда бақытты емес екенін айтты.
"Әйеліммен ажырасқаннан кейін ештеңе керек емес болып қалды, дүниесі де, басқасы да. Бұл біздің ортақ шешіміміз болды. Құлағымның тыныштығы мен Гүлжанның басқа мақсаттарынан ойлаған дүние. Бір-бірімізді жек көргеннен ажыраспадық. Дүниені жинау қиын, шашу оңай. Қалай кеткенін білмей қаласың. Дәл қазір бақыттымын деп айта алмаймын. Барлығын уайымдайсың, амандығын тілеп жатасың", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!