Қаскелеңдегі перзентхананың 3-қабатынан секіріп кеткен әйелдің қазіргі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасы мәліметінше, перзентхананың жансақтау бөлімінен секірген әйел 37 жаста.
"Босанған әйел 3-қабатта орналасқан перзентхананың жансақтау бөлімінен медицина қызметкерлерін итеріп жіберіп, терезеден секірді. Босанғаннан кейін 4 тәулік бойы жансақтауда болды. Босанғаннан кейінгі күйзеліске ұшыраған, өзін бейадекват ұстады, емделуден бас тартты, агрессивті болды. Қазір барлық маманның қарауында: анестезиолог-реаниматолог, нейрохирург, травматолог, хирург. Барлық қажет тексеріс жүргізілді, толық ем алып жатыр", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қаскелеңдегі перзентханада босанған әйел үшінші қабаттан секіріп кеткені хабарланған еді. Бұл ақпаратты блогер Сәуле Бикитеева жариялады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!