Алматы облысында өнер мектебі мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
"Жауапкер ретінде әрекет еткен заңды тұлға Қарасай ауданында (Қаскелең қаласы) жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын өнер мектебін заңсыз иемденуге тырысты. Апелляциялық сот инстанциясы прокурордың аудандық соттың өнер мектебін заңсыз сату туралы шешімінің күшін жою туралы өтінішін қолдады және мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды", - делінген хабарламада.
Сонымен бірге Алматы облысында балалардың музыка мен өнер мектептерінің жетіспеушілігі байқалатыны белгілі болды.
"Қазіргі таңда ғимаратта жөндеу жұмыстары басталып, жақын арада 300-ден астам бала өнерге оқи алады", - деп хабарлады ведомство.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!