Алматы облысы Қаскелең қаласында базар маңындағы ірі өрттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша "Жер Ана" базарының маңында құрылыс материалдары дүкенінің қоймалары өртеніп жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіру жұмыстары күшейтілген деңгейде жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ҚБТУ ғимаратының шатыры өртенген еді.
Өртті ауыздықтау 1951-1957 жылдары салынған, бес қабаттан тұратын ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы ғимаратының (Үкімет үйі) күрделі конструктивтік ерекшелігіне байланысты күрделене түскен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!