Қаскелеңде тұрғын үйден өрт шығып, бір адам ауруханаға түсті

Алматы облысында өртсөндірушілер 5 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Қарасай ауданы Қаскелең қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтер жанды. ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялады. 15 тұрғын өздігінен далаға шықты. Өртсөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді", - делінген хабарламада.

70 шаршы метр алаңда өрт сөндірілген.

"Өрт салдарынан 1957 жылы туған әйелді күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!