Қаскелеңде кісі зорлады деген күдікті сот аумағынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысы полициясының мәліметінше, сотқа дейін қамауға алынған адам қашып кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қашқынды ұстау бойынша іс-шаралар кешені қабылданған.
Сонымен қатар, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеріс тағайындалған.
"Азаматтардан сабыр сақтауды және іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда 102 телефоны бойынша дереу хабарлауды сұраймыз", - деді Алматы облысының Полиция департаменті өкілі халыққа.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та 1 сәуірде таңертең аудандық сот аумағынан қамауға алынған адам қашқаны туралы ақпарат тарады, ол кісі зорлады деген күдікпен ұсталған.
Әлеуметтік желілерде облыста "Сирена" арнайы жоспары енгізілгені, патрульдер күшейтіліп, блокбекеттер орнатылғаны туралы ақпарат тарады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова