- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қаскелеңде "VIP-рұқсат қағазбен"...
Қаскелеңде "VIP-рұқсат қағазбен" көлік жүргізген қыз жазаланды
Қаскелеңде "VIP-рұқсат қағазбен" көлік жүргізген қыз жазаланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер органдары Алматы облысының тұрғынының жол ережелерін бұзғаны көрсетілген Интернет желісіндегі видеоны тексерді.
Жол ережесін бұзғаны үшін ол ӘҚБтК-тің мына баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
- 597-баптың 4-бөлігі (Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жерде тоқтап тұру);
- 599-баптың 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту);
- 590-баптың 2-бөлігі (Мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз автокөлік құралын басқару).
"ІІМ-нен алынған VIP-пропускты" ол Instаgram-нан тапсырыспен алған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина