Қаскелеңде 18 жастағы қызды зорлап, үйінің алдына тастап кеткен күдікті ұсталды

Қаскелеңде 18 жастағы қызды зорлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл жайлы "Немолчи.kz" фонды жазды.

Қыз жұмыстан уақытында келмеген, сондықтан оны туыстары іздей бастаған. Қыздың жақындары полицияға барған. Сол кезде бойжеткеннің сіңлісі үйде болған. Ауладағы дыбысты естіп, сыртқа шыққанда жерде жатқан әпкесін көрген.

"Қыздың үсті-басы кір, шашының бәрі нәжіс, сабап тастаған. Сіңлісі оны суға шомылдырған. Қыз сол кезде мең-зең күйде еді. Жәбірленушіні зорлаған танысы оған кола ұсынған. Ол бірнеше жұтым ішкен соң есінен танып қалған. Арақтың иісі болмаған, өйткені ол сау еді. Бірақ мең-зең, шок күйде болған. Полициядағылар қызға "Оның көлігіне өзің отырдың емес пе?!" деген екен. Зорлаған адам жалғыз болмады деген болжам бар. Олар бірнеше адам болып зорлауы мүмкін", - делінген жазбада.

Қыздың туыстары жәбірлеушілер жазадан құтылып кетеді деп алаңдап отыр.

"Күдікті қазір бостандықта. Оны ұстаған жоқ. Қайтадан, барлығының назары зәбір көрген жәбірленушіде. Сондай-ақ тергеуші қызды көзбе-көз беттестіруге шақыртқан, болмаса қызды әкелу үшін күзетші жіберетінін айтқан. Ол қызды бөлімшеде ұстаған", - делінген жазбада.

Алматы облысындағы Қаскелеңде 18 жастағы қызға қатысты зорлау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция бұл факт бойынша тергеу әрекеттерін бастап кеткен.

"Құқық қорғау органдары 33 жастағы ер адамды анықтап, полицияға жеткізді. Қазір қылмыстың ауырлығына сәйкес оған қандай шара қолданылатыны шешіліп жатыр", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!