Алматы облысында жантүршігерлік оқиға болды. Қаскелең тұрғыны өзін зорлағаны туралы айтты. 18 жастағы қыздың туыстары зорлық-зомбылықтан кейін оны ұрып-соғып, үйдің қоршауының алдында қалдырып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
18 жастағы жәбірленушінің туыстары #НеМолчиKZ қорына жүгінді. Қор басшысы Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде қыздың жұмыстан уақытында келмегенін, содан кейін оны полицияға хабарласып іздей бастағанын айтты.
Бұл кезде оның сіңлісі үйде қалған. Үйдің алдында шыққан дыбысты естіп, сол жерде жатқан әпкесін көрген. Құқық қорғаушының айтуынша, жәбірленушінің кір болған және әбден соққыға жығылған, шашына шәует жағылған. Қор қылмысты бірнеше адам жасаған болуы мүмкін деп болжап отыр.
Елді дүрліктірген қылмысқа Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше, зорлау фактісі бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғаған.
"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 33 жастағы ер адам анықталып, полицияға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ полиция қазіргі уақытта қылмыстың ауырлығына сәйкес келетін бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі шешіліп жатқанын қосты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!