Қашып жүрген қылмыскер Ресейде ұсталып, Қазақстанға жеткізілді

Фото: Видео кадры

Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталған адам Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратура Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Ол 2023 жылы Риддер қаласында ішімдік ішу барысында жәбірленушімен жанжалдасып, кейін жиналмалы пышағымен оның басы мен денесіне көптеген соққы жасаған. Уақтылы көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды.

Сот үкімімен күдіктіге бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындалған, алайда ол өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған, осылайша оған халықаралық іздеу жарияланған.

"Былтыр қыркүйекте ол Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде ұсталып, кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазір сотталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Енді ол екі жылдан аса мерзімге нақты бас бостандығынан айыру жазасын өтеуі керек.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget