Қашып бара жатқаны видеоға түскен: Павлодарда бір апта бұрын жоғалған әйел әлі табылмай жатыр
Павлодарда бір апта бұрын жоғалған әйел іздестіру жұмыстары Екібастұзда жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Vita ұйымының еріктілері Қырмызы Сарбасоваға қатысты түскен ақпаратты пысықтады, алайда ешбір дерек расталмады.
"Бейнебақылау камерасында әйелдің жылдам қадам басып, қашып бара жатқаны көрінеді. Дегенмен оның қайда кеткені әлі белгісіз", - дейді еріктілер.
Іздеушілер ұйымында Қырмызы Сарбасованы көрген немесе оған қатысты қандай да бір ақпарат болса, еріктілерге келесі нөмірлер бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (778) 295 97 55 (Екібастұз қаласының іздеу үйлестірушісі Самал), +7 (747) 615 55 63 (топ жетекшісі Катерина).
Еске салайық, әйел адам 28 наурызда таңғы сағат 5-те Ломоносов көшесінде орналасқан әкесінің үйінен кетіп қалған. Бұған дейін оның ешбір камераға түспегені хабарланған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан