Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қашаған кен орнында жөндеу жұмыстары еліміздің мұнай өндірісіне қалай әсер ететінін түсіндірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, Қазақстан Қашағандағы жөндеу жұмыстарына байланысты нарыққа күніне шамамен 400 мың баррель жеткізбейді.
"Иә, әрине, ол (жөндеу-шамамен) олжаға әсер етеді. Яғни Қазақстан нарыққа күніне 400 мың баррель шығармайтынын түсінеміз, өйткені жөндеу жұмыстарына байланысты Қашаған кен орны толығымен тоқтатылды. Тамыз, қыркүйек айларына келетін болсақ, біз өз міндеттемелерімізді толық орындадық. Энергетика министрлігімен келісілген жоспарлы жөндеу – 40 күн. Бірақ қазір консорциум менеджменті жөндеуді қысқа мерзімде аяқтауға тырысатынын жеткізді, онда 30 күн көрсетілді, бірақ күтеміз, яғни негізі 40 күн келісілді", – деп жауап берді Алмасадам Сәтқалиев.
Сондай-ақ журналистер Қазақстан жөндеу жұмыстарының кесірінен қанша қаражаттан айырылып жатқанын сұрады.
"Біз қаражат жоғалтпаймыз, бұл жоспарлы жөндеу. Бұл жөндеусіз кен орны болашақта өз қызметін жүзеге асыра алмайды", – деп түсіндірді Энергетика министрі.
Еске салайық, 7 қазанда Қашаған кен орны жөндеуге жабылады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!