- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қашағанда мұнайды коммерциялық...
Қашағанда мұнайды коммерциялық өндіру басталды
Бүгін, 2016 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Каспий теңізіндегі Қашаған кен орнында мұнайды коммерциялық өндіру басталғандығы жөнінде ресми түрде хабарлайды. Аталмыш жағдай Солтүстік Каспий теңізініндегі мұнай-газ жобасының тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлеу кезеңінен пайдалану кезеңіне көшуін растайды.
«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қашағанда мұнайды коммерциялық өндірудің басталуы, Солтүстік Каспий жобасын дамытудағы маңызды кезең болып табылады. Қашағанды игеру барысында Біз қол жеткізген бірінші кезең, қазақстандық мамандарға жаңа жұмыс орындары ашу, оларды оқыту, отандық мамандардың тәжірибесін арттыру, сондай-ақ жобада жұмыс істейтін отандық компаниялар үшін жергілікті қамтуды дамыту арқылы Қазақстанның экономикасына айтарлықтай жағымды әсерін тигізеді. Бүгін, мұнайды коммерциялық өндірудің басталуы расталғаннан кейін, Қазақстан Қашағандағы өндірістен өз үлесін ала бастайды» - деп атап өтті ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев
2016 жылдың 28 қыркүйегінде кен орында көмірсутектер өндірісі басталды, кейін ағымдағы жылдың 14 қазанында шикі мұнайдың бірінші партиясы эскпортқа жөнелтілді. Бүгінде тауарлық мұнайдың өндірісі 479 мың тоннаны, ал тауарлық газдың өндірісі 97 млн. текше метрді құрады. Ағымдағы жылы және келесі 2017 жылы өндіру көлемін қарқынды арттыру мақсатында объектілерде іске қосу-жөндеу жұмыстары жалғастырылып жатыр.
Норт Каспиан Оперейтинг Компани N.V. (НКОК) компаниясы аталмыш кен орынды ҚМГ Қашаған B.V., Аджип Каспиан Си B.V., КНПК Қазақстан B.V., ЭксонМобил Қазақстан Inc., ИНПЕКС North Caspian Sea Ltd., Шелл Қазақстан Девелопмент B.V. және Тоталь E&P Қазақстан атты жеті ірі мұнай-газ компанияларының атынан өңдеп келеді.
T. Кіршібаев